БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы Румыниядағы көркем гимнастикадан World Challenge Cup турниріне қатысады

25-27 шілде күндері Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан World Challenge Cup турнирі өтеді. Бұл додада Қазақстан құрамасы да өз шеберлігін көрсетеді.
Жекелей сайыстарда ел намысын Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова қорғайды.
Ал топтық жаттығуларда өнер көрсететін қазақстандықтар:
- Айда Хәкімжанова
- Айзере Кеңес
- Жасмин Жүнісбаева
- Кристина Чепульская
- Айзере Нұрмағамбетова
- Мадина Мырзабай
Айта кетейік, бұл турнир Бразилияда өтетін әлем чемпионатының алдындағы соңғы дайындық жарысы болмақ.