Спорт Министрі | Ботагөз Қапанова Кореядағы беделді турнирде қола медаль алды
ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Ботагөз Қапанова Кореядағы беделді турнирде қола медаль алды

Қазақстандық таеквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.

Отандасымыз сенімді өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда шешуші кезеңде Қытай спортшысына жол беріп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Chuncheon Korea Open турнирі G2 санатындағы беделді дода саналады және оған әлемнің үздік таеквондошылары қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button