ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясына жаңа президент сайланды

Астанада Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының кезекті жиыны өтіп, ұйымның жаңа президенті анықталды.
Жиынға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҚҚБФ вице-президенті Юрий Соловьёв, атқарушы директор Замир Ихсанғалиев, бас хатшы Леонид Зимарев және өңірлік филиал жетекшілері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – федерация президентін сайлау болды. Делегаттар Арман Жаркеевтің кандидатурасын бірауыздан қолдап, оны жаңа президент ретінде бекітті.
Айта кетейік, қазіргі бессайыс – семсерлесу, жүзу, нысана көздеу, жүгіру және кедергілер жолағынан өтуді қамтитын, Олимпиада бағдарламасына кіретін спорт түрі.