
17-20 шілде күндері Венгрия астанасы Будапештте күрес түрлерінен беделді халықаралық турнир – Polyák Imre & Varga János Memorial өтеді. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа негізгі және резервтік құрамдағы бірқатар мықты балуандарын апарады.
Еркін күрес бойынша ел намысын Әділет Әлмұхамедов (57 келі), Әділ Оспанов (61 келі), Шерхан Әбіл (65 келі), Әлібек Әбдіқасымов (74 келі), Нұрлан Бекжанов (79 келі) және басқа да тәжірибелі спортшылар қорғайды.
Әйелдер күресінде ел намысын Эльмира Сыздықова (76 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі), Зейнеп Баянова (53 келі) және тағы басқа балуандар қорғамақ.
Грек-рим күресі сынында Айдос Сұлтанғали (60 келі), Сұлтан Асетұлы (67 келі), Диас Қален (82 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) секілді балуандар кілемге шығады.
Бұл турнир әлем чемпионатына дайындықтың бір бөлігі болып саналады. Будапешттегі додада қазақстандық спортшылар өз деңгейін тексеріп, рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік алады.