Спорт Министрі | Астанада су спортының дамуы талқыланды
БАСҚАЛАРЫ

Астанада су спортының дамуы талқыланды

Астанада Бейжің Олимпиадасының үш дүркін чемпионы, аустралиялық Стефани Райспен кездесу өтіп, Қазақстандағы су спорты түрлерін дамыту мәселелері сөз болды.

Кездесуге Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев пен Kazakhstan Aquatics вице-президенті Мират Өтепов қатысты. Әңгіме барысында елімізде жүзуді дамыту бағыттары, жас спортшыларды дайындау және халықаралық кеңесші-жаттықтырушыларды тарту жоспары талқыланды.

Федерация өкілдері жаңа басқару командасының жасақталғанын айтып, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жүзу федерациясының бас хатшысы болып сайланғанын атап өтті.

Сонымен қатар World Aquatics аясында Қазақстанда ірі халықаралық турнирлер өткізу мүмкіндігі қарастырылды. Қонақтар көпфункциялы «Барыс Арена» кешенін аралап, оның инфрақұрылымымен танысты.

Тараптар халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, олимпиадалық қозғалыс арқылы елдер арасындағы спорттық әріптестікті арттырудың маңызын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button