Спорт Министрі | Алматыда спортшыларға арналған Athlete365 Career+ семинары өтеді
БАСҚАЛАРЫ

Алматыда спортшыларға арналған Athlete365 Career+ семинары өтеді

2025 жылдың 7-8 тамызы аралығында Алматы қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Халықаралық Олимпиадалық комитеттің бірлесіп ұйымдастыруымен Athlete365 Career+ семинары өтеді.

Семинарға Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлерінен қазіргі уақытта жарыстарға қатысып жүрген немесе спорттық мансабын аяқтаған спортшылар қатыса алады. Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына қатысқан спортшыларға басымдық беріледі.

Семинардың мақсаты – спортшыларға өздерінің мықты қырларын анықтауға, спорттан тыс қызығушылықтары мен мақсаттарын айқындауға, сондай-ақ жаңа кәсіби өмірге дайындалуға көмектесу. Қатысушылар спорттық мансабын аяқтағаннан кейінгі өмірін жоспарлау бойынша практикалық нұсқаулықтарға ие болады.

Әр олимпиадалық спорт түрінен ұлттық құрама сапында жүрген немесе Олимпиада ойындарына қатысқан, сондай-ақ 2024 жылы осындай семинарға қатыспаған бір спортшыдан өкілдік етуге мүмкіндік беріледі.

Өтінім беру үшін тиісті спорт түрі бойынша ұлттық федерацияға жүгіну қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button