Спорт Министрі | Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында тағы жеті медаль иеленді
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында тағы жеті медаль иеленді

Бішкекте өткен жастар арасындағы Азия чемпионаты қазақстандық балуандар үшін табысты аяқталды.

Еркін күрестен жалғыз алтынды Едіге Қасымбек (125 кг) жеңіп алды. Нұрданат Айтанов (57 кг) пен Камиль Куруглиев (97 кг) күміс медальға қол жеткізсе, Досжан Құл-Ғайып (74 кг) пен Алан Оралбек (61 кг) қола жүлде иеленді.

Әйелдер күресінен де екі қола бұйырды: Анна Стратан (57 кг) мен Мейрамгүл Мақсот (72 кг) үздік үштікке енді.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен қазақстандықтар 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль алған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button