Спорт Министрі | Қазақстан үстел теннисшілері 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан үстел теннисшілері 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Алматыда өткен Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирінде қазақстандық үстел теннисшілері 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына жолдама иеленді.

Ерлер құрамасы (Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов) Қырғызстан мен Өзбекстанды 3:0 есебімен жеңіп, бірінші орынды иеленді.

Әйелдер командасы (Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт) да алдымен Қырғызстанды ұтып, шешуші ойында Өзбекстанды 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Енді қазақстандық теннисшілер 2026 жылдың мамырында Лондонда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button