Спорт Министрі | Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры болып тағайындалды
ДЗЮДО

Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры болып тағайындалды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қазақстан Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібайды Жаңа технологиялар мен жоғары жетістіктер жөніндегі комиссияның директоры етіп ресми түрде тағайындады.

IJF атап өткендей, бұл комиссия заманауи технологияларды енгізу және оларды спортшылардың, әлемдік дзюдо қауымдастығының мүддесі үшін және спорттық нәтижелерді арттыру мақсатында этикалық тұрғыда қолданумен айналысады. Сондай-ақ комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.

«Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз комиссияның жұмысына елеулі үлес қосарына сенімдіміз», — делінген федерацияның ресми хатында.

Руслан Желдібай 2025 жылдың 17 ақпанынан бастап Қазақстан Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі болды. 2023 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары — Президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button