Спорт Министрі | Жүзуден әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды
БАСҚАЛАРЫ

Жүзуден әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Сингапурда 11 шілдеде басталған су спорт түрлерінен әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысуда.

Жүзу бойынша дүбірлі додада ел намысын алты спортшы қорғайды. Бұл туралы ҚР Жүзу федерациясы мәлім етті.

Қазақстан құрамасының сапында жарыс жолына шығатындар:

  • Әділбек Мусин — 50 метр баттерфляй
  • Ксения Игнатова — 100 метр арқамен
  • Аделаида Пчелинцева — 50 метр брасс
  • Софья Сподаренко — 50 метр баттерфляй
  • Арсен Қожахметов — 50 метр брасс
  • Глеб Коваленя — 50 метр арқамен

Айта кетейік, жүзу сайыстары 27 шілдеде басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button