Спорт Министрі | Ришат Хайбуллин Францияда өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Ришат Хайбуллин Францияда өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық құзға өрмелеуші Ришат Хайбуллин Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жылдамдық бағдарламасы бойынша өнер көрсеткен Ришат финалға дейін жетіп, тек америкалық Самуэль Уотсонға жол берді. Нәтижесінде күміс медальды еншіледі.

Қола жүлде тағы бір америкалық — Зак Хаммердің еншісінде қалды.

Бұл кезеңде Қазақстан атынан сегіз спортшы қатысқан болатын. Олардың ішінде Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде екінші орын иеленіп, жарыстың негізгі кезеңінде ширек финалға дейін жетті. Алайда испаниялық Эрик Ноя Кардонаға есе жіберіп, жарысты сол кезеңде аяқтады.

Айта кетейік, Шамонидегі турнирге 31 елден 312 спортшы қатысуда. Бұл – маусымдағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button