Спорт Министрі | Хенок Мулюбырхан жалпы есепте көш бастады
БАСҚАЛАРЫ

Хенок Мулюбырхан жалпы есепте көш бастады

Қазақстандық XDS Astana Team велокомандасының өкілі Хенок Мулюбырхан Қытайда өтіп жатқан «Цинхай көлі туры» көпкүндік жарысының жетінші кезеңінде үшінші орын иеленіп, жалпы есепте көшбасшылыққа шықты.

Жетінші кезең Гунхэ қаласынан басталып, Хайянь қаласында аяқталды. Қашықтық ұзындығы – 137 шақырым. Мәре сызығын үшінші болып кескен Эритреялық шабандоз осылайша жалпы классификацияда бірінші орынға көтерілді.

Оның командаласы, Жаңа Зеландиялық 34 жастағы Аарон Гейт бұл кезеңде төртінші орынға ие болды.

– Бұл оңай күн болған жоқ, бірақ команда маған сенім артты. Өзімді жақсы сезіндім, мәреге барынша дайын болуға тырыстым. Үшінші орын – жақсы нәтиже, әсіресе жалпы есепте көшке шығу маңызды. Енді сәл тынығып, ертеңгі финалдық кезеңге дайындалуымыз керек, – деді Хенок Мулюбырхан команда баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, «Цинхай көлі туры» – Азиядағы ең беделді көпкүндіктердің бірі болып есептеледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button