
Белгілі хоккейші, Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері қызметіне кірісті.
Жайлауов кейінгі жылдары жаттықтырушылық қызметке бет бұрып, клуб жүйесінде түрлі лауазым атқарған. 2024 жылы өткен әлем чемпионатында ол Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабына енген болатын.
Бас бапкердің штабында Константин Пушкарёв, қақпашылар бапкері Александр Кудрявцев және жалпы дене дайындығына жауапты Сергей Левданский жұмыс істейді.
«Номад» хоккейшілері 12 шілдеде медициналық тексеруден өтеді, содан кейін оқу-жаттығу жиыны басталады.
Айта кетейік, Талғат Жайлауов 1985 жылы Өскеменде дүниеге келген. Ол «Қазцинк-Торпедо», «Барыс», «Номад», «Сарыарқа» секілді клубтарда өнер көрсетіп, ұзақ жылдар бойы Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғады.