Спорт Министрі | «Астана» командасының велошабандозы Қытайдағы жарыстың кезеңінде топ жарды
БАСҚАЛАРЫ

«Астана» командасының велошабандозы Қытайдағы жарыстың кезеңінде топ жарды

Қазақстандық XDS Astana Team командасының өкілі Хенок Мулюбырхан Қытайда өтіп жатқан «Цинхай көлі туры» көпкүндік веложарысының алтыншы кезеңінде жеңіске жетті.

Жарыс Гангца қаласынан басталып, Гунхэ елдімекенінде аяқталды. Қашықтық – 232,7 шақырым.

Эритреялық легионер Хенок Мулюбырхан кезеңнің соңғы көтерілуінде шағын топпен алға суырылып шығып, спринтте өзгелерден озды. Осылайша ол мәре сызығын бірінші кесіп, командасына кезеңдік жеңіс сыйлады.

Ал осы кезеңде тағы бір отандасы, Харольд Мартин Лопес мәреге үшінші болып келді. Бұл нәтиже «Астана» командасының жоғары деңгейде дайындықпен келгенін көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button