Стенд атудан Әлем кубогы: Қазақстан құрамасының скит бағдарламасындағы нәтижелері белгілі болды

Италияның Лонато-дель-Гарда қаласында өтіп жатқан стенд атудан Әлем кубогының төртінші кезеңінде қазақстандық спортшылар скит бағдарламасында бақ сынады.
Ерлер арасындағы сында Эдуард Ещенко 118 ұпай жинап, 76-орынға жайғасты. Ілия Пеньков 117 ұпаймен 88-орынға, Максим Почивалов пен Данил Стрельцов 112 ұпаймен сәйкесінше 145 және 149-орындарға тұрақтады.
Әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасынан ең жоғары көрсеткішке Адель Садақбаева қол жеткізді – ол 117 ұпаймен 25-орынға табан тіреді.
Анастасия Молчанова 113 ұпаймен 46-орынға, Ольга Панарина 108 ұпаймен 62-орынға, Ольга Хаилова 105 ұпаймен 69-орынға, ал Диана Сабекова 101 ұпаймен 74-орынға ие болды.
Әлемнің ең үздік мергендері жиналған бұл додада қазақстандық спортшылар тәжірибе жинақтап, келесі бәсекелерге дайындықты жалғастыруда.



