ТАЕКВОНДО
Қазақстан құрамасы таеквондодан “Diamond Game 2025” турниріне қатысады

11–13 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында «World Taekwondo Diamond Game 2025» халықаралық турнирі өтеді.
Аталған жарыс Дүниежүзілік таеквондо федерациясының күнтізбесіне енгізілген және G-4 санатына жатады. Бұл — спортшыларға әлемдік рейтингте жоғары ұпай жинауға мүмкіндік беретін маңызды дода.
Қазақстан құрамасы атынан бірқатар тәжірибелі таеквондошылар бақ сынайды:
- 57 келіге дейін – Қанат Альмира
- 67 келіге дейін – Аяулым Асқар, Аида Тәукенова
- 68 келіге дейін – Нұрбек Ғазез
- 80 келіге дейін – Ергеш Бекасыл
Сонымен қатар, командалық және аралас командалық сайыстарға Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Тәукенова қатысады.
Айта кетейік, Diamond Game – Дүниежүзілік таеквондо күнтізбесіндегі беделді турнирлердің бірі саналады.