Спорт Министрі | Грек-рим күресі: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
КҮРЕС

Грек-рим күресі: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қырғызстан астанасы Бішкекте 9–10 шілде күндері өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандары табысты өнер көрсетті. Грек-рим күресінен өткен құрлық біріншілігінің қорытындысы бойынша отандастарымыз төрт жүлдеге ие болды.

Соның ішінде Темірлан Тұрдақын (87 келіге дейін) мен Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) алтын медаль иеленіп, Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ, 77 келі салмақ дәрежесінде белдескен Омар Дүйсенбек күміс жүлдеге қол жеткізсе, 55 келіде сынға түскен Мұсан Ерасыл қола медальмен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button