Спорт Министрі | Демеу Жадыраев боз кілемге қайта оралады
КҮРЕС

Демеу Жадыраев боз кілемге қайта оралады

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев ресми жарыстарға қайта қатысады. Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қонысбек Төкенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, балуан тамыз айында Германияның Дортмунд қаласында өтетін дәстүрлі Гран-при турнирінде боз кілемге оралады.

– Егер ол бұл жарыста жақсы нәтиже көрсетсе, әлем чемпионатына қатысатын үміткерлердің қатарына қосылады, – деді Қонысбек Төкенов SportBugin.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында грек-рим күресінің 77 келі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, жапон балуаны Нао Куссакиге жол беріп, күміс медаль жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button