Спорт Министрі | Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Елордада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі медаль түсті.

100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Матвей Макрушин жастар арасында күміс медаль иеленді. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 331 (148+183) келі көтеріп, екінші орыннан көрінді. Бұл салмақта алтын жүлде өзбекстандық Кудротбек Залимжоновқа бұйырды – 360 (169+191) келі. Үшінші орынды Түрікменстан өкілі Сулеймен Джафаров иеленді – 327 (145+182) келі.

Сондай-ақ, 110 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар Жолтай қола жүлдеге қол жеткізді. Ол 340 (155+185) келі нәтиже көрсетті. Бұл бәсекеде Сирия спортшысы Касвара Джгили топ жарды – 364 (164+200) келі, ал күміс медаль өзбекстандық Омидолло Олимовқа бұйырды – 351 (161+190) келі.

Қазақстандық ауыр атлеттер турнирде тұрақты түрде жүлде алып, жалпыкомандалық есепте жоғары орындарға таласуда. Азия чемпионаты Астанада 14 шілдеге дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button