Спорт Министрі | Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған ашық Азия кубогы аяқталды
ДЗЮДО

Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған ашық Азия кубогы аяқталды

3-6 шілде аралығында Алматыда жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан ашық Азия кубогы өтті. Турнир көрнекті спорт қайраткері Бекет Махмұтовты еске алуға арналды.

Ауқымды жарысқа 9 елден 700-ден астам дзюдошы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түрікменстан, АҚШ, Ливан және Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы бар.

Қазақстандық спортшылар жарысты жоғары нәтижемен аяқтады. Көптеген салмақ дәрежесінде жас дзюдошыларымыз алтын, күміс және қола медальдар иеленіп, жалпыкомандалық есепте үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Қазақстан командасы қыздар арасында 44, 52, 63 және 70 келіде чемпион атанса, ұлдардан 55 және 66 келіде алтын медаль жеңіп алды.

Жастар арасында да отандастарымыз табысты өнер көрсетті. Ерлерден 66, 100 және +100 келі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінсе, қыздардан 48, 63, 70 және +78 келіде чемпиондықты жеңіп алды.

Бұл дода Азия құрлығындағы маңызды рейтингтік жарыстардың бірі саналады. Сондықтан да мұндай халықаралық турнирлер жас спортшыларға үлкен тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Бекет Махмұтов атындағы жарыс жыл сайын тұрақты өтіп, келер жылы тағы да халықаралық деңгейде өткізілмек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button