Спорт Министрі | Таеквондо: Қазақстан құрамасы командалық Әлем кубогында жартылай финалға жете алмады
ТАЕКВОНДО

Таеквондо: Қазақстан құрамасы командалық Әлем кубогында жартылай финалға жете алмады

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан командалық Әлем кубогында Қазақстан құрамасы медаль үшін күресті тоқтатуға мәжбүр болды.

9 шілдеде өткен аралас командалық сайыста ұлттық құрама ширек финалға дейін жетіп, Өзбекстан командасына 1:2 есебімен есе жіберді.

Қазақстан сапында Мерген Ғаниев, Абдурахман Марипов, Камила Аймукашева және Аида Таукенова өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін ерлер құрамасы осы жарыста қола медаль жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button