
9-10 шілде күндері Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды.
Бапкерлер штабының шешімімен бозкілемге шығатын балуандар тізімі төмендегідей:
-
55 келі: Ерасыл Мұсан
-
60 келі: Алпамыс Болатұлы
-
63 келі: Есбол Шәмілов
-
72 келі: Әлихан Дүрсінов
-
77 келі: Омар Дүйсембек
-
82 келі: Диас Сейітқалиев
-
87 келі: Темірлан Тұрдақын
-
97 келі: Бейбіт Қорғанов
-
130 келі: Илья Бородай
Азия чемпионаты – жас балуандар үшін халықаралық аренадағы маңызды сын. Қазақстан құрамасы бұл жарыста бірнеше жүлде үшін күресуге үмітті.