Спорт Министрі | Алматыда үстел теннисінен әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
БАСҚАЛАРЫ

Алматыда үстел теннисінен әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді

14 шілде күні Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Лондонда өтетін әлем чемпионатына Орталық Азия елдері арасындағы іріктеу турнирі басталады.

Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Бас бапкер Эльмира Әлиеваның айтуынша, спортшылар турнирдің маңызын жақсы түсінеді.

— Құрама мүшелері бұл сайыстың жауапкершілігін сезініп, бар күшін салып дайындалып жатыр. Мақсатымыз – әлем чемпионатына жолдама алу, — деді бапкер.

Айта кетейік, турнирдің жеңімпазы атанған ерлер және әйелдер командалары 2026 жылы Ұлыбритания астанасы Лондонда өтетін әлем біріншілігіне жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button