АУЫР АТЛЕТИКА
Аянат Жұмағали Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді.
77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Аянат қоссайыста 217 (95+122) келіні еңсеріп, үшінші орынға табан тіреді. Бұл – Қазақстан әйелдер құрамасының кезекті жүлдесі.
Алтын жүлде Оңтүстік Корея атлеті Хисо Джунға бұйырды. Ол 230 (102+128) келіні көтеріп, жарыста топ жарды. Күміс медальді Өзбекстан өкілі Гульшодахон Дадамирзаева жеңіп алды – 218 (96+122) келі.
Азия чемпионаты Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатыр. Жарысқа құрлықтың үздік ауыр атлеттері қатысуда.