ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Қазақстан таэквондодан Әлем кубогында қола медаль еншіледі

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан таэквондодан командалық Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы қола медальға қол жеткізді.

Жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен жол берген қазақстандықтар, қола жүлде үшін өткен айқаста Марокко спортшыларын 2:1 есебімен жеңді. Бұл жеңіс Қазақстан ерлер құрамасына жыл соңында өтетін Әлем кубогына жолдама берді.

Әйелдер арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетті, алайда бұл кезеңде Қытай командасына 0:2 есебімен есе жіберді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button