БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Әлем кубогында төртінші орын алды

Португалияның Коимбра қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңінде қазақстандық спортшылар финалға дейін жетті, алайда жүлдесіз қалды.
Ерлер арасындағы синхронды секіру бағдарламасында Данил Мусабаев пен Никита Тумаков төртінші орын иеленді. Бұл — қазақстандық дуэттің халықаралық аренадағы үздік нәтижелерінің бірі.
Алтын медаль иелері – Португалия спортшылары. Екінші орынды Қытай, үшінші орынды Франция құрамасы еншіледі.