АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебеков Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қоссайыс нәтижесі бойынша 344 (153+191) келі зілтемірді бағындырып, қарсыластарынан басым түсті.
Күміс жүлдені өзбекстандық Бекзод Гофиржонов (341 келі), қола медальді үндістандық Сайраж Пардеши (338 келі) иеленді.
Осылайша, Ерасыл Сәулебеков ел қоржынына кезекті алтын медальды салды.