Спорт Министрі | Астанада УЕФА төрешілері үшін оқу-жаттығу жиыны өтті
ФУТБОЛ

Астанада УЕФА төрешілері үшін оқу-жаттығу жиыны өтті

7 шілдеде Астанада Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен УЕФА құрамындағы қазақстандық төрешілерге арналған оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.

Семинарға 16 төреші қатысты. Олардың қатарында VAR мамандары мен әйелдер арасындағы халықаралық төрешілер де бар. Жаттығу процесін ҚФФ төрешілік және инспекция департаментінің жетекшісі Нуну Каштру мен нұсқаушы Леонид Калошин жүргізді.

Семинар барысында IFAB бекіткен жаңа ережелер мен ішкі біріншіліктердегі даулы сәттер талқыланды. Төрешілердің ортақ шешім қабылдау принциптері пысықталып, маусым алдындағы дайындық жетілдірілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай оқу-жаттығу жиындары алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button