Спорт Министрі | Грек-рим күресі: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте топ жарды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Грек-рим күресі: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте топ жарды

Қырғызстанның Бішкек қаласында 15 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрамасы 5 алтын, 4 күміс медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

Алтын жүлде иегерлері:

  • Пахитжан Нұрислам — 38 кг
  • Алмас Әли — 41 кг
  • Аманалі Диар — 48 кг
  • Ермек Самға — 52 кг
  • Төлеш Марлен — 57 кг

Күміс жүлде иегерлері:

  • Сәрсенбай Сұлтанбек — 44 кг
  • Мұратов Әділжан — 68 кг
  • Серік Темірлан — 75 кг
  • Мәлік Ислам — 85 кг

Жас балуандардың бұл табысы Қазақстанның грек-рим күресіндегі болашағы зор екенін тағы бір дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button