Спорт Министрі | Қазақстандық спортшылар XII Дүниежүзілік ойындарда бақ сынайды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық спортшылар XII Дүниежүзілік ойындарда бақ сынайды

2025 жылғы 7-17 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XII Дүниежүзілік ойындарға Қазақстан құрамасы қатысады.

Биылғы дүбірлі додаға елімізден 30-дан астам спортшы барады деп жоспарлануда. Олар бұған дейінгі халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, лицензия жеңіп алған.

Қазақстандық спортшылар джиу-джитсу, каратэ, муайтай, самбо, спорттық акробатика, құзға өрмелеу, садақ ату және ушу сияқты Олимпиада бағдарламасына енбейтін спорт түрлерінен жүлде үшін таласады.

Айта кетейік, Дүниежүзілік ойындар — Халықаралық Дүниежүзілік ойындар қауымдастығы (IWGA) ұйымдастыратын ірі жарыс. Турнир төрт жылда бір рет өткізіледі.

2025 жылғы жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 5000-ға жуық спортшы және 75-тен астам елдің командасы қатысады деп күтілуде. Қатысушылар 34 спорт түрінен 253-тен астам медаль жиынтығын сарапқа салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button