Геннадий Головкин мен Ольга Рыпакова жеңіл атлетиканы дамыту жолдарын талқылады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті, Азия Олимпиадалық кеңесінің Атқару комитетінің мүшесі Ольга Рыпакова жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуге сонымен қатар ҚР ҰОК Бас хатшысы Әлімжан Ақаев пен вице-президент Гаджи Гаджиев қатысты.
Келелі отырыста қазақстандық жеңіл атлетиканың даму стратегиясы, оның Азия құрлығындағы және әлемдік спорт қауымдастығындағы беделін арттыру мәселелері қозғалды.
Тараптар келесі бағыттар бойынша ортақ шешімге келді:
Халықаралық ынтымақтастықты күшейту: World Athletics, Азия Олимпиадалық кеңесі және өзге елдердің ұлттық федерацияларымен тығыз байланыс орнату;
Шетелдік мамандарды тарту және тәжірибе алмасу: заманауи жаттығу әдістемелерін енгізу арқылы спортшылардың дайындық деңгейін көтеру;
Бапкерлер мен төрешілердің кәсіби деңгейін арттыру: халықаралық стандарттарға сай семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру.
Жиын қорытындысында қазақстандық жеңіл атлетиканы әлемдік спорттық экожүйеге жақындату, сондай-ақ ұлттық федерацияның беделін көтеру бағытында нақты іс-шаралар жүргізу қажеттігі атап өтілді.