
Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты.
Ширек финалдағы жекпе-жекте отандасымыз жапониялық Юна Нишинакамен кездесіп, үш раунд бойы басымдық көрсетіп, айқын жеңіске жетті.
Осы нәтижемен Алуа Балқыбекова кем дегенде қола жүлдені өз еншісіне жазды. Енді ол финалға шығу үшін келесі қарсыласымен жұдырықтасады.