БАСҚАЛАРЫ

Алматыда үстел теннисінен халықаралық WTT Youth Contender турнирі өтеді

23-26 шілде аралығында Алматы қаласында WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді.

Алдағы жарыстарға әлемнің 16 елінен 235 спортшы қатысады. Гонконг, Үндістан, Катар, Қытай Тайбэі, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, БАӘ, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Жапония және Қазақстан өкілдері қатысатынын растады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының атынан түрлі жас санаттарында 86 теннисші бақ сынайды.

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) және Дүниежүзілік үстел теннисі (WTT) аясында өтетін бұл турнир жасөспірімдер сериясының күнтізбесіне енгізілген және әлемдік рейтингке есептеледі.

Жүлделі орындар мынадай санаттар бойынша сарапқа салынады:

1. Ұлдар және қыздар, 11 жасқа дейінгі жекелей сын;

2. Ұлдар және қыздар, 13 жасқа дейінгі жекелей сын;

3. Жасөспірім ұлдар және қыздар, 15 жасқа дейінгі жекелей сын;

4. Жасөспірім ұлдар және қыздар, 17 жасқа дейінгі жекелей сын;

5. Жасөспірім ұлдар және қыздар, 19 жасқа дейінгі жекелей сын;

6. 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сын;

7. 19 жасқа дейінгі аралас жұптық сын.

 

Жарыс ADD Ustel Tennis Ortalygy спорт кешенінде өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button