БАСҚАЛАРЫ
Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жетекші ойыншысы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жарыс жолынан шығып қалды.
Ол жартылай финалға жолдама алу үшін Тайбэй өкілі Хун Цзинь-Каймен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді.
Бұған дейін, 1/8 финалда Құрманғалиев оңтүстіккореялық Ли Чонмокты 4:0 есебімен айқын жеңген болатын.