Спорт Министрі | Жалғас Жұмағұлов шетелдік ММА лигасында чемпион атанды
ММАТРЕНДТЕ

Жалғас Жұмағұлов шетелдік ММА лигасында чемпион атанды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (17-9) Германияның Гамбург қаласында өткен OKTAGON 73 турнирінде титулды жекпе-жекте жеңіске жетті.

Жалғас ең жеңіл салмақта грузиялық Бено Адамиямен (12-8-2) титул үшін айқасты. Айта кетейік, Адамия бұл кездесудің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өте алмай, айқасқа ескерту — сары карточкамен шықты.

Бес раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіс Жұмағұловқа берілді.

Бұл жекпе-жекке дейін Бено Адамия қатарынан алты жеңіске жетіп келе жатқан болатын. Ал Жалғас Жұмағұлов осымен төртінші рет қатарынан қарсыласын тізе бүктіріп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button