Спорт Министрі | Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді

4–10 шілде аралығында Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Федерация баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жарысқа 27 елден 450-ден астам спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасы сапында 36 жас зілтемірші өнер көрсетеді. Құраманың нақты тізімі кейінірек жарияланады.

Жүлделер U17 және U20 жас санаттары бойынша сарапқа салынады.

Жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button