ТАЕКВОНДО

Алматыда таеквондодан Қазақстан Кубогының екінші кезеңі өтеді

2–3 шілде аралығында Алматы қаласында таеквондодан ересектер арасындағы (WT) Қазақстан Республикасы Кубогының екінші кезеңі өтеді.

Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам мықты спортшы қатысады деп күтілуде.

Сайыс ADD спорт кешенінде өтеді. Қатысушылар 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Жарыс бағдарламасы

2 шілде

Басталуы: 09:00

Ерлер: -58 келі, -80 келі

Әйелдер: -49 келі, -67 келі, +67 келі

3 шілде

Басталуы: 09:00

Ерлер: -63 келі, -68 келі, -80 келі

Әйелдер: -53 келі, -57 келі

Басқа жаңалықтар

Back to top button