Спорт Министрі | Елдос Сметов: Алдағы жылы жарысқа қатысамын
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Елдос Сметов: Алдағы жылы жарысқа қатысамын

Сметов келесі жылы татамиге оралады. Олимпиада чемпионы әзірге кәсіпқой мансабын аяқтамайтынын жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Айта кетейік, ол күні кеше Италияның Рим қаласына барып, иығына операция жасатты. Бұл жарақат дзюдошыны көптен бері мазалап жүр еді. Енді бірер айдан кейін қайтадан жаттығуға кірісуді жоспарлап отыр. Ал ірі жарыстарға 2026 жылы араласа бастайды. Тіпті, 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионаты мен 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін олимпиадаға да қатысуға ниетті екенін жеткізді.

«Өздеріңіз білесіздер, Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім. 2-3 айдан кейін жаттығуға кірісемін. Ал, жарыстарға — келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін. Мансабын аяқтады деп сүйіншілегендерге сәлем жолдаймын. Мен әлі сары «нашивкамен» татамиге шығып күресемін…»

Басқа жаңалықтар

Back to top button