ДЗЮДО
Дзюдошы Ерасыл Қажыбаев әлем чемпионатында Олимпиада жүлдегеріне есе жіберді

Команда сапынан татамиге соңғы болып Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) шықты.
Алғашқы белдесуінде ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы – оңтүстіккореялық Ким Минджонмен белдесті. Қарсылас кездесуді мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.
20 маусымда біздің дзюдошылар командалық жарыстарда өнер көрсетеді. Алғашқы кездесу Бразилия құрамасына қарсы өтеді.