
14 маусым күні Аустрияда өткен Austrian Open халықаралық турнирінде Қазақстанның жасөспірімдер мен жастар құрамасы сәтті өнер көрсетті. Отандастарымыз 1 алтын және 3 қола медаль иеленді.
Алтын медаль:
- 🥇 Мирас Пазылов (33 келі)
Қола жүлдегерлер:
- 🥉 Ралиф Сазазов (49 келі)
- 🥉 Әлихан Өмірәлі (57 келі)
- 🥉 Айгерім Бекжанқызы (68 келі)
Бұдан бөлек, ересектер құрамасы да Austrian Open жарысына қатысуда. Қазақстан сапынан жарыс жолына шығатын спортшылар:
- әйелдер: Азиза Қаражанова, Айдана Сүндетбай (екеуі де 53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Камила Аймұқашева (62 келі)
- ерлер: Бекзод Қадырқұлов, Артур Серік (екеуі де 54 келі), Изят Касанов (63 келі), Бекасыл Ергеш, Мерей Мәлік (74 келі), Мерген Ганиев (80 келі), Мейір Нұрғазин, Нұрқанат Қожахмет (87 келі), Бейбарыс Қаблан, Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары)
Еліміздің таэквондошыларына жарыстың келесі күндерінде де сәттілік тілейміз!