БАСҚАЛАРЫ
Көркем жүзу: Қазақстан құрамасы әлем кубогында екінші орын алды

Қазақстан әйелдер құрамасы көркем жүзуден 2024 жылғы Әлем кубогының қорытынды кезеңінен кейін әлемдік рейтингте екінші орынға тұрақтады.
Халықаралық дода төрт кезеңнен тұрды:
- Франция (бастапқы кезең),
- Египет (екінші кезең),
- Канада (үшінші кезең),
- және финалдық кезең Қытайдың Сиань қаласында өтті.
Қазақстан сапында өнер көрсеткен спортшылар:
Ясмин Тұяқова, Арина Пушкина және Даяна Жаманчалова.
Олар жалпыкомандалық есепте алтын жүлдеден кейінгі екінші орынға ие болды.
Жарысқа әлемнің 16 елінен 125 спортшы қатысып, үздіктер анықталды.
Қазақстан атынан бұл турнирге 14 спортшы барған болатын.