ДЗЮДО
Бүгін дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық бір балуан татамиге шығады

Бүгін Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Есет Қуанов (72 келі) татамиге шығады.
Ақтөбе қаласының тумасы, 1992 жылы туған Есет Қуанов — ұлттық құрамадағы ең тәжірибелі спортшылардың бірі. Ол спорттық жолын самбодан бастап, үш мәрте әлем чемпионатында жүлдегер атанды, сондай-ақ әлем кубогында алтын мен күміс медаль еншілеген. Дзюдо бойынша Азия кубогының екі дүркін чемпионы.
Келесі күндері ел намысын келесі балуандар қорғайды:
- 16 маусым: Эсмигүл Куюлова (63 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі)
- 17 маусым: Мейірлан Максим (90 келі)
- 18 маусым: Нұрлыхан Шархан (100 келі), Марат Байкамуров (100 келі)
- 19 маусым: Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары)
Қазақстан балуандарына сәттілік тілейміз!