ТАЕКВОНДО
Таэквондодан Қазақстан құрамасы Аустриядағы турнирге қатысады

Қазақстанның таэквондо құрамасы (WT) 15 маусымда басталатын «Austrian Open G-1» халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды SportM.kz.
Аустрияда өтетін додаға 30-дан астам елден 789 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Қазақстан құрамасының атынан ерлер және әйелдер арасында бірқатар тәжірибелі және жас спортшылар бақ сынайды.
Қыздар сапында Азиза Қаражанова мен Айдана Сүндетбай (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Камила Аймұқашева (62 келі) жарыс жолына шығады.
Ерлер арасында Бекзод Қадырқұлов пен Артур Серік (54 келі), Изят Касанов (63 келі), Бекасыл Ергеш пен Мерей Мәлік (74 келі), Мерген Ганиев (80 келі), Мейір Нұрғазин мен Нұрқанат Қожахмет (87 келі), Бейбарыс Қаблан және Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.