
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке жетті — алғаш рет құрлық чемпионы атанды, деп хабарлайды SportM.kz.
Финалда отандастарымыз алаң иелері — Қытай құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салды. Алғашқы екі партияда қарсылас 25:15, 25:19 есебімен алға шықты.
Алайда Бауыржан Тахауовтың шәкірттері үшінші сетте (25:19) және төртінші партияда (25:20) есепті теңестіріп, шешуші кезеңге жол ашты.
Бесінші сетте қазақстандықтар толық басымдықпен ойнап, 15:8 есебімен жеңісті қорытындылады. Жалпы есеп – 3:2.
Бұл — Қазақстан параволейбол құрамасының Азия чемпионаттарындағы алғашқы алтын медалі.
14.06.2025
318