
ҚПЛ: «Ақтөбе» соңғы минуттарда жеңісті қолдан жіберді, «Қайрат» тағы да ұпай жоғалтты, «Ұлытау» сырт алаңда жеңіске жетті
Қызылжар – Ақтөбе — 1:1
Петропавлда өткен ойында «Ақтөбе» 69-минутта Өміртаевтың голымен алға шыққан. Алайда соңғы сәттерде Васильев есепті теңестіріп, алаң иелеріне бір ұпай әперді.
Жетісу – Қайрат — 2:2
Талдықорғандағы ойында «Қайрат» жеңіске жете алмады. «Жетісу» сапынан Ковель (19’) мен Серікқұл (41’) гол соқса, алматылықтардан Жоржиньо (36’) мен Сорокин (52’) мергендік танытты.
Атырау – Ұлытау — 0:1
Жезқазғандық «Ұлытау» сырт алаңда «Атырауды» 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды 21-минутта Молдақараев соқты. Атыраулық Рзатаев 43-минутта қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайға қалдырды.