Спорт Министрі | Дзюдо: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының екінші күнінде жүлде ала алмады
ДЗЮДО

Дзюдо: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының екінші күнінде жүлде ала алмады

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының екінші жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін жүлдесіз аяқталды.

14 маусымда татамиге шыққан жалғыз қазақстандық спортшы — Ғұсман Қырғызбаев. Ол жарыстың ширек финалында жеңіліп, жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алған.

Қола медальға таласу үшін оған жапондық қос Олимпиада чемпионы Хифуми Абэден басым түсу керек болатын. Алайда бұл кездесуде қарсыласы мықтырақ болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлде қорын толықтыра алмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button