Спорт Министрі | Азия Ұлттар кубогы: Қазақстан құрамасы төртінші орынды қанағат тұтты
БАСҚАЛАРЫ

Азия Ұлттар кубогы: Қазақстан құрамасы төртінші орынды қанағат тұтты

Вьетнамның Ханой қаласында өткен волейболдан әйелдер арасындағы AVC Азия Ұлттар кубогында Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін Қытайлық Тайбэймен кездесіп, жеңіліске ұшырады.

Кездесу отандастарымыз үшін сәтті басталғанымен, кейін қарқынын жоғалтып алды. Бірінші партияда 25:17 есебімен басым түскен қазақстандықтар келесі сеттерде 13:25, 16:25, 13:25 нәтижелерімен қарсыласынан ұтылды. Қорытынды есеп – 1:3.

Осылайша, өткен жылы күміс медаль алған Ришат Гилязутдинов шәкірттері биыл жүлдеден тыс қалды. Команда капитаны Сана Анарқұлованың жарақаты турнир барысында айтарлықтай әсер етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button