Спорт Министрі | «Атырау» клубы тағы екі легионермен келісімшартты бұзды
ФУТБОЛ

«Атырау» клубы тағы екі легионермен келісімшартты бұзды

«Атырау» футбол клубының басшылығы екі шетелдік ойыншымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды SportM.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, екі футболшы да Грузия азаматтары.

— Ресми түрде хабарлаймыз: өзара келісім негізінде қорғаушылар Гиорги Гадрани мен Гиа Чадунели клубтан кетеді. Оларға команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және болашақ мансабында сәттілік тілейміз, — делінген клуб мәлімдемесінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button