Спорт Министрі | Рыбакина мен Путинцева Лондон турнирінің ширек финалында жарыс жолынан шығып қалды
ТЕННИС

Рыбакина мен Путинцева Лондон турнирінің ширек финалында жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Ұлыбритания астанасы Лондонда өтіп жатқан Queen’s Club Championships турнирінің жұптық сайысының ширек финалында жеңіліс тапты.

¼ финалда Рыбакина/Путинцева жұбы америкалық Эйжа Мухаммад пен нидерландтық Деми Схюрс дуэтімен кездесіп, екі сетте 1:6, 5:7 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, осы турнирдің жекелей сынында Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) 1/8 финалда британдық Хизер Уотсонды (164-орын) 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Бұған дейін Уотсон алғашқы айналымда Юлия Путинцеваны (27-орын) 6:4, 6:3 нәтижесімен жарыстан шығарған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button