Қазақстан ҰОК Корея спорттық ғылымдары институтымен кездесу өткізді

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Оңтүстік Кореяның жетекші ғылыми орталықтарының бірі — Корея спорттық ғылымдары институтының (Korean Institute of Sport Science, KISS) өкілдерімен кездесуі өтті.
Қазақстан ҰОК тарапынан кездесуге Бас хатшы Әлімжан Ақаев, Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Анара Сыздықова, Спорт департаментінің бас менеджері Олжас Тоғызбаев қатысты.
Корея спорттық ғылымдары институты тарапынан кездесуге жетекші зерттеуші Квон Иль Ким мен спорттық саясатты дамыту бойынша аға ғылыми қызметкер, философия докторы Хёнджу Чо қатысты. Сондай-ақ кездесуге APEMS дене шынықтыру және спорт академиясының ректоры Тұрсынзада Қуанғалиевна және ғылым және инновациялар жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Алина Тен де қатысты.
Тараптар спорт ғылымы, біліктілікті арттыру және зерттеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Қазақстандық тарап жас дарындарды анықтау және қолдау бойынша корей институтының тәжірибесіне қызығушылық танытты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар спорттық ғылым саласындағы болашақ ынтымақтастықты қарастыру мүмкіндігі жөнінде келісімге келді.
«Біз үшін Корея институтының спорт ғылымын дамыту мен жастармен жұмыс жүргізудегі жүйелі тәсілімен танысу аса маңызды. Мұндай әріптестік мамандардың кәсіби өсуіне және саланың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз», — деді Әлімжан Ақаев.



